Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Отандық танымал әнші Тамара Асар өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевты туған күнімен ерекше құттықтап, оған аса бағалы сыйлық тарту етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Тамара Асар Бесбаевтың туған күніне өзі бара алмаса да, әншіге сыйлығын беріп жіберген. Ол өнердегі әріптесінің 45 жасқа толуына орай алтын жалатылған самаурын сыйлаған. Сонымен қатар, эстрада жұлдызы туған күн иесіне деген ақ тілегін де жолдай кеткен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Тамара Асар Instagram парақшасында Мейрамбек Бесбаевқа жазба арнап, оны жаңа жасымен құттықтады. «Қазақтың маңдайына біткен «ән жүрегі» -Мейрамбегі, Мирошы. Туған күнің құтты болсын, досым. Сен ән салғанда жүректердің пернелеріне жан бітеді. Сенің әніңді тыңдаған пенденің санасы мейірімге шомылып, айналасына шуақ шаша бастайды. Сенің әнің, сенің әнің сан сезімді ақтарсын, Сенің үнің, сенің үнің жүректерде сақталсын! «Ән жүрегі» — Мейрамбегі қазақтың! Тойға келесі жолы барамыз Алла қаласа, шақыртуыңды алдық. Рахмет. Әзірге бөпеміз екеуміз сторис тамашалаймыз. Қамбар сыйлықты жеткізеді, бұйырса», — деп жазды ол.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: