Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Тәліптердің дивизиясы Тәжікстанға басып кіруге дайын. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

«Джамаат Ансаруллаһ» тобының басшысы Махди Арсалан Тәжікстанға басып кіруге дайын екенін айтты. Махдидің өзі Ауғанстанның Дарвоз аймағымен және Тәжікстанның Шамсиддин Шохин аймағымен шектесетін бірқатар аумақтардың басшысы.

Бұған дейін елдің солтүстік-шығысындағы Бадашхан провинциясы губернаторының орынбасары молда Нисар Ахмад Ахмади Талибан құрған жаңа Ауғанстан билігі жанкешті террористерден арнайы батальон құрғанын, оларды мемлекеттік шекараға ауыстырғысы келетінін хабарлаған еді.

Арнайы батальон «Лашкар-и-Мансури» – «Мансур әскері» деп аталды. Ол шекаралас аудандарда, атап айтқанда Бадашхан провинциясында орналасқан. Шекарасы Тәжікстанға жақын, ал шығысында ел ҚХР және Пәкістанмен шектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас қыркүйек айының соңында нашарлады. Мұның бәрі Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонның БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінен басталды, ол Талибанды елде сайлау өткізуге және әр түрлі саяси өкілдер кіретін шын мәнінде инклюзивті үкімет құруға шақырған болатын.

Рубрика: