Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

«Талибан» қозғалысының өкілдері (Қазақстан аумағында тыйым салынған) Ауғанстанның солтүстігіндегі Фарьяб провинциясында 15 содырды тамақтандырудан бас тартқаны үшін бір әйелді сабап өлтірді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 12 шілдеде болған. Бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. Әйелдің қызы болған жағдайды журналистерге айтып берген. Телеарна қызды Манижа, ал анасын Наджия деп атап көрсеткен. Бірақ бұл есімдер қауіпсіздік мақсатында ойдан шығарылған.

 

Содырлар Наджияға тамақ жасауды талап етіп үш рет келген. Әйел кедей және оларды тамақтандыруға қаражаты болмағандықтан бас тартқан.

Төртінші күні содырлар оны тағы бас тартқаны үшін ұрып-соққан. «Анам кедей екенімізді айтып, тамақ жасай алмаймыз дегенде тәліпер оны ұра бастады. Анам есінен танып қалды, олар оны қарудың сабымен ұрды», — деді Манижа.

Манижа тәліптерге анасын ұруды тоқтатуын сұрағанда, олар көрші бөлмеге граната лақтырып, қашып кеткен. Төрт баланың анасы соққыдан оқиға орнында қаза болған.

Телеарна «Талибан» қозғалысы әйелдер құқығын шектей бастағанын айтады. Оларға ер адамсыз медицина мекемелеріне баруға тыйым салынған.

Рубрика: