Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Осы аптада Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат ҚАЛЫҚ атышулы «Вечерний Талдыкорган» газетінің бағыты мен беталысына қатысты жергілікті және өңірлік БАҚ-тың алдында өз пікірін білдірді.

Баспасөз отырысына Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Ғалиасқар САРЫБАЕВ, белгілі ардагер журналист, Алматы облысының Құрметті азаматы Тұрсын ӘБДУӘЛИЕВ және Еркін ауылдық мешітінің имамы Қанат МАРАТҰЛЫ қатысты.

«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояйтын» «вечеркалықтар» бұл жолы тым шектен шығып, газет бетіне жалаңаштанған қыздардың суретін қаз-қатар басып, талдықорғандық ардагерлердің ашу-ызасын тудырды деп жазады Abai.kz.

Айтуларынша, газеттің 2013 жылдың 18 қаңтарында басылған № 3 санында шектен шыққан бірқатар анайы фотосурет пен тәлім-тәрбиеге кері әсер ететін сұрақ-жауаптар жарияланған. Мұнда газет облыс тұрғындарының әдептілік, ар-ұят және қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау сынды адамгершілік өлшемдерін таптап өтіп, төртінші және бесінші беттеріне жартылай жалаңаш қыздардың суреттерін басқан.

«Мисс Вечерний Талдыкорган — 2013» деп аталатын байқау жариялап, олардың арасынан «оза шапқан» жалаңаш жеңімпаздарды газеттің айқара бетіне қаздың балапанындай қатар тізген. Ол аздай, апталық басылымның екінші бетіне қайтыс болған жандарды «еске алу» хабарламаларын жариялап, үшінші бетке Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылдың 29 желтоқсанында Ақордада сөйлеген сөзін суретімен бірге қосақтап баса салған.

Олар «Вечерний Талдыкорган» газетінің намысқа тиіп, ашу-ызамызды тудыратын әрекеттерге баруы бір бұл ғана еместігін ескертеді.

Айтуларынша, қалада талай мәрте «ұлттық тәрбиеге кереғар іс-әрекеттер» жасалды. Елбасы мен «еске алуды» газет бетіне қатар қою арқылы олар журналистік этиканы сақтамай отыр. «Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың суретін газеттің кез келген бұрышына баса салатын қолдағы ойыншық емес», — деп ашынады олар.

Қала белсенділері газеттің «мемлекетіміздің болашағына балта шауып, жастарымызды жалаңаштануға тәрбиелеп жатуына» ашулы.

Ардагерлер өрімдей қыздардың газеттің тұтас бетіне жалаңаштанып шығарылуына қарсы екендерін білдірді.

Источник: NUR.KZ

Рубрика: