Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Белгілі әнші Ерболат Құдайбергенов Қытай шоу-бизнесін жаулауға мықтап кірісті. Әнші өзінің репертуарындағы хит әндердің бірі — «Біздің жігіттерді» қытай тіліне аударып, орындап жүр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бір кездері кеңінен танымал болған әнші Ерболат өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергеннің жолын қуып, тіпті жақында Қытайға қоныс аударуы да мүмкін. Ерболаттың осыдан 11 жыл бұрын жарық көрген «Біздің жігіттер» атты әні бұл елде қатты сұранысқа ие болып тұр.

Ерболат бұл әнді бір жыл бұрын арнайы аудармашы жалдап, қытай тіліне аудартты. Алғашында Қытай қазақтары той-томалақтарына шақырып жүрді. Былтыр үлкен шараға шақырды. Алайда пандемия, карантин болған соң бара алмады,

— дейді Ерболаттың анасы Айтгүл Құдайбергенова.

«Біздің жігіттер» әні тек қытай тіліне ғана емес, сонымен қатар татарша, орысша, қырғызшаға да аударылған. Әнші карантинде қол қусырып отырмай, он шақты жаңа ән жазып қойған.

Жаңа әндеріне клип түсіріп, тұсаукесерін жасайық десек, оның бәрі үлкен қаржыны талап етеді. Әлі де шықпай жатқан әндері көп. Ол «Желтоқсан», «Үш жүзім», «Отаным», «От» деген әндерін өңдеп жатыр. Жасырын ұстайды,

— дейді әншінің анасы.

Рубрика: