Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ауруханада жатқан Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұлға ата-әжесі келіп, қуантты. Немересімен сағыныса қауышқан атасы Нұртас Айдарбеков оны құшағына алып, көз жасын тыя алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Немересі мен атасының кездесуін Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram желісінде жария еткен. Әсерлі видеодан үзінді артынша желідегі пабликтерге тез тарап кетті. Оқырмандар аталған видеоға жарыса пікір білдірген.

«Атасы ғой, қазақ немересіне бармағанда, кімге барады?», «Атасы жылап жіберді», «Алла шипасын берсін, жаным-ау. Атасы жылап жіберді немересін көріп, осы кісіні қатты құрметтеймін. Немереңіз сауығып кетеді, атасы», «Ата деген қандай? Жүрегі кең», — деп сүйсінді олар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KAZ STARS (@kaz.stars)

Еске салсақ, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова соңғы уақытта әлеуметтік желіде неге белсенді емес екенін түсіндіріп, үлкен ұлы Нарұлдың денсаулығы сыр бергенін жазған. Актриса ұлының дертіне байланысты ауруханаға сабылғанын айтады. Айтуынша, біршама уақыт бұрын жүрегіне ота жасалған Нарұл қайта сырқаттанып қалған.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: