Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы бокс кешінде Аргентина өкілі Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) нокаутқа түсіріп, мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды

. Ұлыбритания астанасындағы бокс кеші жергілікті York Hall залында өтті. Сұлтан Зәуірбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO European чемпионы болғанына қарамастан, бұл жекпе-жекте ешқандай титул сарапқа салынбады. Ал кездесу 10 раундқа жоспарланып, бесінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

 

Айта кетейік, үшінші раундта төреші Сұлтан Зәуірбекті нокдаун алды деп санап, есеп ашты. Алайда боксшы кездесуді арықарай жалғастыра алатынын айтып, бесінші раундта Николас Ботеллидің өзін нокаутқа түсірді. Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби мансабындағы 13-жеңісін тойлауда. Ал Николас Ботелли жетінші рет жеңіліс тапты.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: