Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын алып шыққан спортшылар әлемдік БАҚ-та бой көрсетті. Ағылшынның The Guardian басылымы ашылу салтанатының маңызды 11 оқиғасының қатарына қазақстандықтардың ерекше костюмін деп қосқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстанның байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова алып шықты. Ұлттық Олимпиадалық комитет ту ұстаушылардың костюміне ерекше мән берген. Бүкіл әлем көз тіккен салтанатты рәсімде Әжіғалиев қазақ батырының кейпінде, Айдова әйгілі сақ патшайымы Томиристің образында шыққан болатын. Бұл шетелдіктердің назарын бірден аударды.

Ағылшынның The Guardian басылымы басылымы ашылу салтанатындағы есте қаларлық 11 оқиғаның қатарына қазақстандықтардың костюмін де қосқан. «Конькиші Екатерина Айдова көптеген елдердің костюм тігеміз деген құлшынысын төмендетті. Сондай-ақ, Қазақстан командасы шарфтарын шешіп, бірдей қимыл көрсетті», — деп жазды басылым.

Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми аккаунты үздік костюмдердің қатарына Қазақстан командасының киім үлгісін де қосты. «Бейжіңде расында суық шығар, бірақ бұл костюмдер от», — делінген жазбада.

Айта кетелік, Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталды. Қазақстан командасының ту ұстаушылары киетін костюмді отандық дизайнерлер үш ай бойы дайындаған. «Ашылу салтанатында бастан өткерген сезімдерімді сөзбен жеткізу қиын. Мұнда қобалжу да, мақтаныш та, таңданыс та бар.

Олимпиадашы болудың өзі үлкен жеңіс! Ал команданы атлеттер шеруіне бастап шығу үлкен мәртебе! Біздің образымыз барлығына ұнады. Костюмімізді бәрінің жоғары бағалағаны қуантады. Ашылу салтанаты да керемет өтті. Бәрімізге белгілі кедергілерге қарамастан, үлкен мерекенің абыроймен өткені қуантады.

Дәл қазір миллион түрлі сезімдерді бастан кешудемін», — деді Екатерина Айдова Olympic.kz сайтына берген сұхбатында. А

/kaz.nur.kz

 

Рубрика: