Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Астанада салауатты өмір салтын ұстанатын 74 жастағы зейнеткер ел назарына ілікті. Егде жастағы әйелдің әрекетіне желі қолданушылары сүйсінуде деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Спортшы әжейдің видеосын желіде белгілі тележүргізуші Майра Төлепберген жариялады. Диктор жасы үлкен әйелдің ширақ қимылына көптен бері сүйсініп жүргенін жасырмады

. «Мен бұл апаның сыртынан сүйсініп қарап жүретінмін. Көктемде көріп, риза болғам Кеше таныстым. Алла қаласа 74 жасқа келеді екен. Алла деніне қуат берсін. Сондай ширақ, тың. Көпке үлгі. Бүгін көйлегі желбіреп пресс жасап жатқан жерінен, шыдамай кетіп, барып таныстым. Эфирге шақырып едім. Келісімін берді», — дейді тележүргізуші.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ДИКТОР, РАДИО, ТВ, ДУБЛЯЖ🎧🎤 (@maira_tolepbergen)

Майра Төлепберген астаналық әжейдің күнде жаттығу алаңына келетінін айтады. «Таңертең балаларды балабақшаға апарамын да, қайтар жолда міндетті түрде осы жерге келемін дейді. Бір күн үзбеймін дейді апамыз. Алла тіл-көзден сақтасын. Бұл кісілер осылай жүгіріп, жаттығып жүргенде бізге көп ұйықтап, денсаулыққа бей-жай қарау ұят», — деп жазды әжейді өзіне үлгі тұтқан тележүргізуші. 

«Керемет, апайға Алла күш-қуат берсін», «Алла тіл көзден сақтап, апа 100 жастан ассын!», » Көп жастар апамыздан үлгі алуы керек», » Апаларымыздың бәрі осындай ақ орамалмен жүрсе ғой. Әдемі көрінеді, қазақтың нағыз әжелері. Алла күш қуат берсін аналарымызға», — деп пікір білдірді желі қолданушылары. Сонымен қатар, желідгілер жас бола тұра, видеодағы әжейдің жасаған жаттығуын қайталай алмайтынын жазған. А

kaz.nur.kz/

 

Рубрика: