АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтарыШетел жаңалықтары

[:kz]Сочиге барған Тоқаевты Путин қалай қарсы алды (видео) [:]

[:kz]

 

Сочи қаласына жұмыс сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Владимир Путин қошеметпен күтіп алды, деп хабарлайды БОРТ1 Telegram-арнасы.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Telegram-арнасында Ресей көшбасшысының Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу сәтінен видео жариялады.

Видеодан Владимир Путиннің мемлекет басшысын құшақ жая қарсы алғанын байқауға болады.Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Ресейдің Сочи қаласына барғанын хабарлаған едік.

Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды деп жоспарлануда.

t.me/bort_01 

kaz.nur.kz

 

 

[:]