Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Польшадағы Hilton қонақ үйіне орналасқан орыс әйел Харьковты украин әскерлерінің өздері бомбылап жатқанын айтып үгіт-насихат жасаған. 

Оның бұл сөздерін естіген қонақ үй қожайыны ресейлікті қуып жіберді. Аталған видеосы желіге тарап лезде кетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

«Міне, Польшада орыс әлемінен осылай құтылып жатырмыз. Мәдениет. Сондықтан Еуропа қабылдамайды. Тіпті Израиль мұндай адамдарды қабылдамайды. Сендерді осындай орыс әлемімен ешқандай ел қабылдамайды. Біз парасатты адамдарға көмектесеміз»- деді қонақ үй қожайыны.

Видеоны түсірген адамның  айтуынша, күйеуі әлгі әйелді өз ақшасына консулдарға апарып, көмек көрсеткен. Қонақ үйге жатқызған. Жақсылықты түсінбеген орыс әйелі украин халқын қарғап-сілем, қонақ үйді шулатты.

 

Тіпті қонақ үй иесіне «Сен ауызыңды жабасын ба, жаппайсын ба, тышқан?»- деп жауап қайтарды.

«Мынадай адамнан Құдай сақтасын»,  «Сиыр сипағанды білмейді деген осы», «Дұрыс жасаған екен, жарайсыңдар. Жұмыстарын осылай істеу керек. Сол керек өзіне»- деп желі қолданушылар поляк халқына ризашылығын білдірді.

https://www.facebook.com/bajazly/videos/660474578566967

Рубрика: