Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Киелі орынға келген әйелді ұшықтаймын деп ернінен сүйіп алған шырақшы көптің ашуын тудырды. Әлеуметтік желіде белгісіз ер азаматтың дін өкіліне келіп, мәселені шешпек болған әрекетінің видеосы тарады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Facebook-те тараған видеода бейнежазбаны түсіріп тұрған ер азамат шырақшыны «Әулиенің қасында әйел азаматын ернінен сүйіп, ұшықтауға бола ма?» деп сұрақтың астына алады. Алайда дін өкілі өзінің әрекетін жоққа шығармайды.

Шырақшының ерсі қылығын көрген желі қолданушылары оны сынның астына алды.

Оқиғаның Түркістан облысы Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінде түсірілгені белгілі болды.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейіндегілердің мәліметінше, бұл осыдан бір жарым жыл бұрын болған оқиға. Шырақшы осы ерсі қылығынан кейін жұмысынан кеткен. 20 жылға жуық кесене шырақшысы болған ол бүгінде музейде қорықшы қызметін атқарып жүр екен.

Рубрика: