Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзін «Қатын екенсің» деп қағытқан Еркебұлан Шыналиевтің жазбасына қатысты пікір білдірді. Спортшы Express Qazaqstan тілішісіне Шыналиевтің бұл сөзін арандату деп есептейтінін айтты.

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында алтыннан алқа таққан Бақыт Сәрсекбаев өзін «Қатын» деп қағытқан Еркебұлан Шыналиевтің әрекетін таза арандату деп есептейді. Оның айтуынша, Еркебұлан екеуі арасында ешқандай келіспеушілік болмаған. Олимпиада кезінде бір бөлмеде жатқан, ел намысын бірге қорғаған бауырының ренішіне Сәрсекбаев таң қалып отыр.

«Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді, болмас елдің баласы бірін бірі қатын дейді» — дейді. Енді не айтса да өзі білсін. Кезінде бір бөлмеде тұрғанбыз. Мен ешкімге тиісіп жатқан жоқпын. Бокс туралы сыни пікір айтсам, қазақтың спорты дамысын деп жатырмын. Ол мені қатын десе, демек өзін сол қатынға теңегені», — деді Бақыт Сәрсекбаев.

2008 жылы Олимпиадаға бірге барып, жеңіспен оралған спортшылар қазіргі таңда мүлде араласпайды екен.

«Мен Шыналиевпен мүлдем араласпаймын, сөйлеспеймін. Телефон нөмірі де жоқ. Арамызда ешқандай реніш жоқ. Ол менен кіші жігіт. Не үшін ренжіп жүргенін білмеймін. Еркебұланның бұл тірлігін мен таза арандату деп есептеймін. Ол бала бірінші менің дәрежеме жетіп алсын. Бұл әңгіме туралы оған қоңырау шаламын ба, жоқ па, оны ойланып көремін. Артына қарасын!», — деді боксшы.

  1. Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев Бақыт Сәрсекбаевтың «Қатын екенсің» дегенін Express Qazaqstan бұған дейін жазған болатын.

Рубрика: