Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Шымкентте жалған біліктілік куәлігін сатып алған мұғалімдердің соты аяқталды. 23 мұғалімнің аттестаты жарамсыз деп танылды. Енді олар сот шешімімен бюджетке 15 миллионнан астам теңгені қайтаруы тиіс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шымкентте қалалық білім басқармасының 27 мұғалімге қатысты біліктілік куәліктерін жарамсыз деп тану және негізсіз төленген жәрдемақыны мәжбүрлеп өндіріп алу туралы талаппен азаматтық іс қаралған. Сот процесі ашық онлайн режимінде жүргізілді.

Шымкент қалалық ішкі аудит бөлімінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі қорытындысы бойынша, мұғалімдер ұлттық біліктілік аттестациясынан өтпегені анықталды.

Бұл фактіні білім және ғылым министрлігінің ұлттық тестілеу орталығы да растады. Осылайша, сотқа тартылғандардың жалақысы негізсіз көтеріліпті.

Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен талаптар толық қанағаттандырылып, 23 мұғалімге берілген аттестаттау куәліктері жарамсыз деп танылды. Мемлекет пайдасына 15 миллионнан астам теңге қайтару туралы соттың үкімі оқылды. Айта кетейік, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

kaz.nur.kz

Рубрика: