Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Шымкентте полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастай салған әйелді тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

Еске салсақ, нәрестенің денесін бір күн бұрын Шымкенттегі мейрамханалардың бірінің маңынан аула сыпырушылары тауып алған.

Полиция мәліметінше, күдікті – 25 жастағы келіншек, қазіргі таңда ол полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол «Анасының өз туған нәрестесін өлтіру» бабы бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот-медициналық сарапшылар баланың туғанда тірі болған-болмағанын анықтауда.

Рубрика: