Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қыз оқиғаны видеоға түсірген, өйткені ол Шуға тек жігіттің ата-анасымен танысуға барған. Ал жігіті бірден той жасауға шешім шығарған, бірақ қыз оған дайын болмаған

Әлеуметтік желілерде бір топ жігіт күштеп көлікке отырғызып жатқан қыздың видеосы тарады. Онда қыз қарсылық білдіргені әрі адамдарды көмекке шақырғаны көрінеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жазбаға пікір білдірушілер оқиға Жамбыл облысы Шу қаласының теміржол вокзалында болғанын айтты. Сондай-ақ, олардың айтуынша, куәгерлер қыз ұрлау сәтін видеоға түсіріп алуы мүмкін.

Видеоға қатысты Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пікір білдірді.

«Жігіт пен қыз оқиғаның мән-жайын анықтау және түсініктеме алу үшін аудандық полиция бөліміне шақырылды. Олар бірге жұмыс істейтінін және шамамен, алты айға жуық уақыт кездескенін айтты. Қыз оқиғаны видеоға түсірген, өйткені ол Шуға тек жігіттің ата-анасымен танысуға барған. Ал жігіті бірден той жасауға шешім шығарған, бірақ қыз оған дайын болмаған», — деді тәртіп сақшылары.

Қыз арыз жазудан бас тартқаны айтылды.

«Қазір жұп қыздың үйіне барып, ата-анасымен танысып, салт-дәстүрге сай оның қолын сұрайды», — деді полиция қызметкері.

 

Рубрика: