Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Түркістанға келіп, тамсанып әкімдерді аямай мақтап кеткен блогерлер мен әншілер Шардара халқы ішіп отырған суды ішуге шақырамын!

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында елімізде әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан ауыз су мәселесін көтеріп, тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгер бұл жазбасында Шардара халқының әлі күнге дейін ауыз суға жарымай отырғанын айтқан. Ал су мәселесін шешуі тиіс шенділер қонақ күтуден босамай жүр.

«Шөкеевті блогер әншілерімен қоса Түркістан облыс аудандарына блоктурға шақырамын!
Түркістан облыс аудандарында шешімін күтіп тұрған мәселелер көп. Шардара ауданындағы ауыз су мәселесін тіпті Президент алдында өзім көтергем.

Нәтижесі мына видеода көріп отырғандарыңыздай өзгеріс жоқ! Есесіне облыс әкімі Шөкеевтің Түркістанда блогер қонақтарды күтуден қолы босамай жатыр!

Бір қаламыз жаңарып, он төрт ауданымыз шіріп жата бере ме осылай?!
Құбыры бар газы жоқ, ақшасы бөлінген бірақ жолы жоқ ауылдарды көріп келдім.

Оқи отырыңыз: «Шардараның халқы сасыған су ішіп отыр» — Айгүл Орынбек

Түркістанға келіп, тамсанып әкімдерді аямай мақтап кеткен блогерлер мен әншілер Шардара халқы ішіп отырған суды ішуге шақырамын!
Туристерге қаймақ беріп, халқына құрттаған су беретін сорлы ел біз ақ шығармыз!», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

 

Рубрика: