Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

1993 жылғы номиналы 10 теңгелік банкнот коллекционерлер арасындағы аукционда 415 000 теңгеге сатылды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Мессенджер көмегімен ұйымдастырылған «Золотая сотня» аукционының бейнежазбасы «Игорь Павлович» Youtube арнасында жарияланды. Шоқан Уәлихановтың суреті бар 10 теңгелік банкнотты қырғызстандық Медет есімді азамат аукционға шығарды. Оның старттағы бағасы 1000 теңгені құрады. 100 мың теңгеден асқан соң аукциондағы бір қадам 5000 теңгеге көтерілді. Коллекционерлердің айтуынша, мұндай жақсы сақталған 1993 жылғы 10 теңгелік қағаз ақшаны табу мүмкін емес. Осылайша, олар аукционға шығарылған банкноттың жай-күйіне жоғары баға берген «Сериясы ХХ. Жағдайы өте жақсы. Қағаз ақшаның тек бір жері майысқан.

Бұл 1993 жылғы шыққан қағаз ақша үшін кемшілік емес», — дейді «Игорь Павлович» арнасының авторы.  415 мың теңгеге сатып алды. Қатысушылардан өзге лотты 50-ден астам адам бақылап отырған. «Барлығы қатты таңғалды. Өте керемет аукцион, көруге тұрарлық жайт, тарих үшін есте қаларлық оқиға. Коллекционерлер үшін өз қоржынын толықтыруға еш кедергі жоқ. Ниет болса болғаны. Петербургтік Ильяны құттықтаймын, аукцион үшін Медетке де рахмет», — дейді лотты ұйымдастырушы коллекционер-нумизмат Сергей Перхальский. А

kaz.nur.kz

Рубрика: