АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Шойгу табылды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу туралы тың ақпарат шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Ол соғыс кезінде екі жетідей уақыт ел алдына шықпай, көзге көрінбеген соң, оны бұқаралық ақпарат құралдары «жоғалтып», «іздеу» салған болатын. Осыған байланысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа арнайы мәлімдеме жасауға тура келді. Ол «жоғалған» министрдің ешқайда кетпегенін, өзінің қызмет орнында екенін айтты.

«Қорғаныс министрдің жұмысы көп. Өздеріңіз білесіздер, қазір арнайы әскери операция болып жатыр. Оның ақпарат құралдарына шықпай жүрген себебі де осы деп ойлаймын. Бұл, меніңше, қалыпты жағдай», – деді ол.

Ал бүгін кешке Шойгу өзінің тірі екенін көрсету үшін Путиннің жетекшілігімен өткен Қауіпсіздік кеңесінің бейнебайланысына шықты. Бірақ, ол жерде оның түрі анық көрінбей, бейнебайланыс қайта-қайта үзіле беріпті.

[:]