Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Түркістан облысында тұрғын 13 жастағы қызды зорламақ болған ер адамды ұстап, полицейлерге тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жасөспірім қыз отбасымен бірге кешкі серуенге шыққан. Содан қайтар сәтте, қыз үйіне ертерек бармақшы болып, ата-анасынан бұрын кетіп қалады. Осы сәтте жалғыз үйіне қайтып бара жатқан жасөспірімнің соңынан аяқасты белгісіз ер адам еріп, шашынан тартып, шетке қарай алып шыққан. Онымен қоймай бетінен шапалақпен ұрып, жерге құлатады. Қыз бірден айқайға басады. Ал күдікті оның аузын жауып, қылқындырған», — делінген хабарламада.

ПД мәліметінше, осы кезде екі адамның арпалысып жатқанын сол маңнан әйелімен бірге өтіп бара жатқан тұрғын байқап, бірден көмекке ұмтылған. Қызға көмектескен Дарбаза ауылы әкімінің орынбасары Сүйіндік Сейітжаппарұлы болып шықты.

«Кешкісін жұбайым екеуміз кетіп бара жатып көше маңынан екі адамның ұрысып-төбелесіп жатқандай, біріне көмек қажеттей сезілді. Бірден оқиға болып жатқан жаққа жүгірдім, алайда күдікті мені көрді де қашуға әрекеттенді. Бірақ оның қызға тиіспекші болғанын білгеннен кейін, ештеңеге қарамай соңынан қудым. 100 метрдей қуып отырып, ақыры ұстадым. Полиция шақырып, оны тапсырдық. Бұл менің азаматтық борышым деп білдім. Ең бастысы қыздың жағдайы жақсы. Оған ештеңе болмады!» — деді ол.

Оқиға орнына полицейлер барып, мән-жайды анықтаған.

«Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлімі «Зорлау», 24-бабы 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және оқталу» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады», — делінген ПД хабарламасында.

 

 

Рубрика: