Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан төрт түлікке талғажау болатын шөп шықпай, шаруалар шығынға ұшырап жатыр. Осыған байланысты маңғыстаулық ағайынға жан-жақтан көмек көрсетіліп жатқаны белгілі.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ел азаматтары бір-біріне қайырымды болу керектігі айтылған болатын. Біреу қиын жағдайға ұшыраса өзгелер оған қолдан келгенше көмек бергені абзал. Себебі төртеу түгел болса төбедегі келеді. 

Осыған орай еліміздің қайырымды азаматтары Маңғыстауға көмек жіберуді бастап кетті. Түркістан облысы, Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің азаматтары батыстағы ағайынға 1000 пресс шөп жіберген. Сауапты істі Сымат Әбдіраманов бастаған  Қ.Тұрысбеков ауылының азаматтары, ауылдағы мешіт жамағаты және «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қоры атсалысқан. — Елдің басына қиыншылық түскенде бір-бірімізге жәрдем беруіміз керек. Маңғыстау халқына 1000 пресс шөп жөнелтіп жатырмыз. Әлі жиналмаған пресс көп, оларды тағы да жібереміз. Батыс халқына айтарымыз — еш уайымдамаңыздар, біз елміз, сіздерді ешқандай қиыншылыққа қалдырып қоймаймыз. Қолымыздан келгенше жәрдем береміз – дейді шардаралық жомарт жандар. Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының тұрғындары биыл қуаңшылықтан қиындық көріп жатқан батыс өңірінің жұртшылығына 74 тонна шөп жөнелткен болатын.

www.oinet.kz

Рубрика: