АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шәміл Әбілтай: «Елбасы» күйін өртеп жібердім, Тоқаевтың үндеуінен соң жаңа күй шығардым[:]

[:kz]

 

Күйші Шәміл Әбілтай Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап «Елбасы» күйін шығарған. Алайда ол кісіге ренжігендіктен жақында күйді өртеп жібергенін айтады. Есесіне «Қаңтар қырғынынан» кейін Тоқаевқа арнап жаңа күй шығарған. Бұл туралы күйшінің өзі Malim.kz-ке берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Назарбаев тақта тұрғанда кетем деп ойламады. Патша елмен бірге бола ма деген үміт болды, бізде. Мынадай жағдайдан кейін күйдің киесіне қалмайын деп өртеп жібердім. Күй-қазақтың бойтұмары. Бұрын Гете мен Бетховен де Нопалеонға арнап шығарма жазған. Кейін қатты ренжіп, өкінген деседі. Менің де көңіл-күйім осындай», — деп мәлімдеді күйші.

Ол күйдің нотасына дейін өртеп, оны ойдан шығарып тастағанын айтады. Есесіне 7 қаңтардағы Тоқаевтың үндеуінен кейін жігерленіп, жаңа күй шығарғанын жеткізді. 

«Қаңтар қаһарманы» деген күйім өлгендерге тағзым, тірі қалғандарға рух беру үшін шығарылды. Менен «Шәміл, неше күйің бар?» десе бір ғана күйім бар деуім мүмкін. Ол – «Қаңтар қаһарманы». Қасым-Жомарттың атасына «Тоқай тағдыры» деген күймен құлпытас қойдым. 30-жылдары ашаршылық құрбаны болған ғой. Оның моласы да жоқ. Аштан өлген 4 млн адамның бірі», — дейді күйші.

Бұдан бөлек, Шәміл Әбілтай «Жаңа Қазақстаннан» не күтетінін айтты. 

«Жаңа саясатқа жаңа саяси реформа жасау керек, Конституцияны қайта жасау керек. Парламентті тарату керек. «Нұр Отан» партиясын жою керек. Сонда ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы нағыз батыр болып шығады. Бұрынғы жолмен жүре берсек, ештеңе де өзгермейді. Алдағы күндерден тек жақсылық қана күтемін. Бабаларымыз армандаған қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға жетеміз деп сеніп отырмын», — деді ол.

 
 

[:]