Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы облысында полицейлер иттің өлексесін көлігіне байлап сүйреген 56 жастағы ауыл тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жануарға қатігездік танытқан сәт түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазба авторы оқиға Алматы маңындағы Шамалған кентінде болғанын айтқан.

Алматы облысының полициясы бұл фактіні тексеруге кірісті. Құқық қорғау ведомствосы видео 24 наурызда Шамалғанда түсірілгенін растады.

«Toyota 4Runner» көлігінің жүргізушісі 56 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары оны ұстап, Қарасай аудандық полициясына жеткізді.

«Ер адам иттің өлексесі жолда жатқанын және көліктердің қозғалысына кедергі келтіргенін айтты. Сол себепті ол өлген итті елді мекен шетіне, адам жүрмейтін жерге сүйреп апарып тастамақ болған. Қазір ұсталған адамның жауабы тексеріліп жатыр», — деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ер адамға қатысты соңғы процессуалды шешім тексеріс нәтижесі бойынша қабылданады.

 

Рубрика: