Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Елорда маңындағы Қосшы ауылында тұратын бес балалы ана Сандуғаш аман-есен табылды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ. «Бес күннен бері бәріміз шарқ ұрып көктен іздеген Сандуғашымыз жерден табылды. 5 баланың анасы (екеуі ауылда мектепте) кішкентай үшеуін сыртынан қамап ұшты-күйлі жоқ болды. Туған-туыс, ағайын, көрші бір-бірінен сұрап таппаған соң полицияға арызданды.

Астана маңындағы Қосшы ауылының еріктілері әйелді аяғынан тік тұрып іздеді. Маған жазған ауылдағы абысыны Кямранға шығыңызшы деп өтінді. Ойпырм-ай ә, есі дұрыс әйел үйге 10 айлық нәресте мен 2-3 жасар балаларды жалғыз қамап қайда кетуі мүмкін деп тілекші жұрт аң-таң. Сөйткен Сандуғашымыз 12 тәуліктен соң Астанадан аман-есен табылды.

Үйіне полиция ертіп келген. Сонымен, қайда болыпты, не жағдай деген сауалыма жоқ іздеген туыстары ернін сылп еткізді. Табылды, болды. Сол жердегі дүкенші Сандуғаштың өткен шілде айында тағы 5 күнге жоғалып кетіп, бәрі сабылып іздегенін айтты. Келіншекті тағы бір жақсы танитын оқырманым сол күні балаларды сырттан жауып Сандуғаш банкоматтан ақша алуға кеткенін, кейін жоғалғанын айтады.

Жоғалды деп уайымдап шарқ ұрған адамның жәй қыдырып кетуі бір қасірет. Қазір Сандуғаштың өзімен сөйлестім. “Білмеймін, шайтан азғырған шығар. Бір жерде от жақтым сол жақта тұрдым. Білмеймін, сыртқа шықсам басым істемей, осыны істе деп тұрады. Жын кірген дейді», — деді ол. Соңғы кезде 30-40 жастағы әйелдер арасында жиі кездесетін жайт. Ауыл, қалада тұра ма, бәрібір, бүкіл баласын бір-ақ сәтте тастап, ғайып болады. Табылғанда бәрінің айтатыны бір жауап- жын кірді. Меніңше, бұл жауапкершіліктен қашудың бір сылтауы сияқты.

Мен сенбеймін, ал сіз ше? Қазақ әйелдерінің басына 3 қасірет төнді: жартысы күйеулерінен зорлық көруде, бір бөлігіне жын кірді, қалғаны босанғаннан кейінгі депрессияда», — деп жазды журналист.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: