АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Серік Теміржановтың ас қайырғанда бет сипамағаны жұртқа ұнамай қалды (видео)[:]

[:kz]

 

Белградта (Сербия) өткен бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына күміс жүлде салған Серік Теміржановтың дастархан басындағы әрекетін көпшілік қызу талқылап жатыр. Боксшы ас қайырған кезде бет сипамаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Серік Теміржановтың ас қайырғанда бет сипамағанын көрсететін видео әлеуметтік желіде кең таралып жатыр. Онда дастархан басында Белградтан жүлделі орынмен келген боксшылар және «Жайдарман» жүргізушісі Есен Елеукен мен Бақтияр Артаев отыр.

Түстеніп отырған азаматтар отырыстың соңында ас қайырып, алақан жаяды. Бірақ бет сипауға келгенде Серік Теміржанов қалыс қалды. Боксшының бұл әрекетін көпшілік дұрыс қабылдамай, сан-саққа жүгіртіп жатыр. Бірі оны «сәләф» десе, енді бірі «дәстүрді сыйламағаны» — дейді.

 

[:]