Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Сенаторлар бір күндік жалақыны Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге аударады. Бұл туралы сенат төрғасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен апатты ауыздықтау үшін арнайы жедел штаб құрылғаны белгілі. Үкіметке төтенше жағдай салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу және баспаналарынан айырылған азаматтарға арнап жаңа тұрғын үйлер салу жұмысын жедел бастау жөнінде тапсырма берілді. Апатпен күрес жұмыстарына парламент сенаты да өз үлесін қосады. Қостанай облысынан сайланған сенаторлар жедел штабтың жұмысына атсалысуда. Сондай-ақ сенат депутаттары зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударады»,— деді ол.

Рубрика: