Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Шығыс Қазақстан облысының мұғалімі Асхат Жұмабеков әлемдегі ең үздік мұғалімдердің бірі деп танылды. Ол «Global Teacher Prize» беделді халықаралық сыйлығының финалисі атанды.

Бұл туралы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады. Асхат Жұмабеков Семейдегі мектептердің бірінде физика пәнінен сабақ береді. Биыл қазақстандық Варке қоры бекіткен Global Teacher Prize халықаралық сыйлығының финалистері қатарына енді. Global Teacher Prize — жыл сайын өз мамандығына айрықша үлес қосқан үздік мұғалімге берілетін 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі сыйлық.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асхат Жумабеков (@askhat_zhumabekov)

Global Teacher Prize педагогтардың маңыздылығын және олардың күш -жігері әлем бойынша құрметке лайық екендігін көрсетуге бағытталған. Сыйлық мұғалімдердің оқушыларға ғана емес, жалпы қоғамға ықпалын анықтауға тырысады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асхат Жумабеков (@askhat_zhumabekov)

Айта кетейік, 2019 жылы Жұмабеков «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» ұйымдастырған National Teacher Prize Kazakhstan 2019 байқауының финалисі атанған болатын «Асхат жүлде тарихында Global Teacher Prize сыйлығының финалистері тізіміне енген алғашқы қазақстандық атанып отыр. Оған жеңіс пен өркендеу тілейміз!», — делінген қордың хабарламасында.

/kaz.nur.kz

 

Рубрика: