АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат тарады [:]

[:kz]

Композитор, әнші Ербол Спаналиев желіде әнші Саят Медеуовтің жол апатына түскенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ербол Спаналиевтің айтуынша, әнші қазірде жансақтау бөлімінде жатыр. «Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!», — деп жазған ол.

Скриншот: instagram.com/erbol_spanaliev/

Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та өзінің желідегі парақшасына: «Ағамыз аман-есен сауығып кетсін!», — деген тілектестік ниетін жазып қойды.

Рүстем Арсланов пен Саят Медеуов: instagram.com/rustem_arslanov Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы дерек жоқ.

kaz.nur.kz

 

[:]