Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Желіде Германия төрінде ет асып, сорпа ішкен немістер жайлы видео тарады. Видеодан өзге ұлт өкілінің қазақша таза сөйлеп, Қазақстаннан келген ағайындарына рахметін айтып жатқанын байқауға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда неміс ұлты өкілдерінің Қазақстаннан келген ағаларын күтіп алып, дастархан жайған аңғаруға болады. «Бізге бүгін Қазақстаннан үлкен ағамыз келді. Риза келді. Сарқытқа үлкен рахмет айтамыз. Денсаулықтарың мықты болсын. Германияға келсеңдер біз риза боламыз», — дейі видеодағы азамат.

Сонымен бірге видео соңында дастарханға ет пен сорпа әкелінгенін де көруге болады. Желі қолданушылары алыстағы неміс ағайынның өскен жерін ұмытпай, қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ет асып, дастархан жайғандарына ризашылықтарын білдірді. «Жарайсыздар неміс ағайындар», «Көз сүйсінетін көрініс, қандай ғажап отырыс», «Әрқашан қазақ халқының дәстүрін, тілін сыйлап жүргендеріңізге мың алғыс», «Бәрекелді, көп рахмет», — деп жазды олар.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық… (@shyndykz)

kaz.nur.kz

 

Рубрика: