Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану» сабағын алып тастау туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ашық НҚА» сайтында министрдің «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 29 қыркүйектегі 522 бұйрығының күші жоюды көздейтін құжаттың жобасы талқылауға шығарылды.

Қоғамдық талқылаудың мерзімі 5 қазанға дейін белгіленген. Халық қолдаса, сабақты алып тастайды. Талқылаудан кейін бұйрыққа қол қойылады. Осы құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, «Өзін-өзі тану» мектептердегі міндетті пән тізімінен шығарылған еді. Ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түскенін министрлік хабарлаған болатын.

Айта кетсек, “Өзін-өзі тану” бағдарламасының авторы – Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева. Пән алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. 2010 жылдың басында «Өзін-өзі тану» пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде енгізілді.

Рубрика: