Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің авторлық арнасында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының сегіз мүшесінің жалпы сыйақысы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

«2021 жылы «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының сегіз мүшесі (оның үшеуі 2021 жылдың көктемінде қызметінен босатылған) 275,2 миллион теңге алды. Яғни бір басқарма мүшесіне айына орта есеппен 2,8 миллион теңгеден келеді», – делінген FINANCE.kz Telegram каналы.

Бұл көрсеткіш 2020 жылғы көрсеткіштен аз екені нақтыланды. Ол кезде басқарманың бес мүшесі 266 миллион теңге алған. Бұл бір басқарма мүшесіне айына орта есеппен 4,4 миллион теңгені құрайды.

Жалпы сыйақыға барлық ақшалай төлемдер – жалақы, сыйлықақылар, ақшалай басқа да ынталандырулар кіреді.

Рубрика: