АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Сәкен Майғазиев Нұр-Сұлтанға көше ме?[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желісінде сауалнама жүргізді.

«Өткенде сторисіме «Астанаға көшсем бе екен, Алматыда қалсам ба екен?» деген сауалымды 87 000 адам көріп, 5 188 адам «Нұр-Сұлтанға көшіңіз» деп, 1 600 адам «Алматыда қалыңыз» деген тетікті басыпты. Нұр-Сұлтан келген сайын өзіне баурап бара жатыр. «Ақылдасыңдар, ақылдасуда береке бар», дейді щариғатымыз. Сіз не дейсіз?» деп жазды. Бұл жазба астында оқырмандар пікірі екіге бөлінген. Бірі «Алматы әсем қала, барлығы бар», » Нұр-Сұлтанға көшіңіз, нағыз қысты көресіз» десе, бірі «Нұр-сұлтан суық қой, қалай тұрасыз?» деген сияқты пікірлер қалдырды. Сәкен Майғазиев «Қазақстан дауысы» жобасының тәлімгерлерінің бірі. Отандық шоу Нұр-сұлтан қаласында түсірілуде. Соған қарағанда, Сәкен мырза екі қаланың ортасында жүруден шаршаған сияқты.

Kznews 

[:]