Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мақпал Жүнісова сахнада ән айтам деп сын астында қалды. Халық әртісінің дайындық кезінде елді күлдірмек болған әрекеті желіде талқыланды деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі. 

Мақпал Жүнісова сахнада ән айтып тұрып аяғын көкке көтерді. Бұл сәт дайындық кезі. Көрермен жоқ. Алайда әншінің әрекетін бақылап тұрған әріптестері күлкіге қарық болды. 

Желі қолданушылары үлкен жастағы әншінің киелі сахнада аяғын көтергенін қабылдай алмады. Мұны ерсі қылық деп жазды. Енді бірі бұдан еш әбестік көрмегенін айтты. Керісінше 60-қа келген әншінің еркін қимылына таңғалысты. 

“Сахнада бұлай аяғын көтерген ерсі көрінеді екен”, “Иіліп сәлем салып жүрген адамның мұндай әрекетін қабылдай алмадым”, “Бұл киелі жер, елді күлдірем деп артық кетпеу керек”, “Мен ешқандай ерсі әрекет көрген жоқпын, қайта таңғалып тұрмын”.

“Бұл кісі түгілі мен аяғымды бұлай көтере алмаймын”, “Мақпал апай емес шығар, басқа адам шығар”, “Бұл видео сол жерде қалу керек еді, оны желіге жариялап несі бар?”, “Бір-бірінің артын ашқан, кеміткен ел әйтеуір”, “Ешкімді кінәлағым келмейді”, – деп жазды олар. 

Рубрика: