Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының өрши түсуін түсіндірді. Шаһар басшысы оның себебін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирі кезінде айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Шілденің басы мен ортасымен салыстырғанда бүгінде жағдай басқаша. Оны статистика көрсетіп тұр. Жұқтыру оқиғаларының өсуі біздің өткізген тестер мөлшеріне тікелей байланысты. Осы күнге дейін біз 435 мың тест өткіздік.

Бұл мемлекет бойынша ең үлкен көрсеткіш болып табылады. Олардың 176 мыңы өздігінен жүгінген тұрғындар. Біз адамдардың көлікпен келіп, тест тапсыратын көптеген жерлерді аштық. Бұл жұмысты ретке келтіру үшін аса қажет. Әйтпесе, ол дәрігерлер жұмысының ауыртпалығына және ауруханадағы орындарының тапшылығына байланысты мәселе туындайды» , — деді Сағынтаев. 

Әкімнің айтуынша, бүгінде қала бойынша алты мың орын дайын тұр. Алайда, қазіргі таңда ауруханалардағы орындардың тек отыз пайызы ғана қолданылуда.

Шарықтау шегі кезінде бұл көрсеткіш тоқсан пайызға тең болған. Оған қоса, күз бен қыс айларындағы кезеңге дайындыққа орай ауруханалардағы орындардың саны көбейтілі, жаңа емханалар салынуда. Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда қауіпті індетті жұқтырған адамдардың саны 12 640-қа жетті.

kaz.nur.kz/

 

Рубрика: