Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, актер Азамат Сатыбалды әнші Роза Әлқожаның айыптауына жауап берді. Әлқожа бұған дейін өнер колледжін қызыл дипломмен бітірген қызы Ақботаның бойы көрсетілген талапқа 2 сантиметр жетпегендіктен, академияға қабылданбағанын айтып, ренжіген еді. Азамат Сатыбалды актриса болғысы келетін қыздарға сәбіз жеуге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы актер Instagram парақшасында жазды. Желі қолданушылары ректордан Роза Әлқожаның қызын емтиханға неге жібермегенін сұрады.

«Біріншіден, ол қыз менің алдыма келген жоқ. Комиссияның алдына барды. Комиссияның шешімін өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Талап бәріне ортақ.

Ректорда ондай құқық жоқ. Ректор тек комиссияның шешімімен ғана алады. Талаптар ғылыми кеңестің талқысынан өтеді. Бұл – жаңа Қазақстан. Жаңа академия», – деп түсіндірді ол.

«Сонда тек бойы ұзын қыздар актриса бола ала ма?» –  деген көпшіліктің сауалына Сатыбалды: 

«Барлық өнерге емес, тек театр әртісіне ғана. Келесі жылы түсіремін десеңіз, қазірден бастап сәбіз бере беріңіз. Ойын да өсіруді ұмытпаңыз», –  деп жауап берді.

Бұған дейін Роза Әлқожа қызын оқуға қабылдамаған Азамат Сатыбалдыға ренжіген еді.

Рубрика: