Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Грузия түрмесінде екі аптадан аса аштық жариялап жатқан Саакашвилидің денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Алайда оппозицияда жүрген Грузияның экс-президенті ас-судан бас тартуын тоқтатар емес, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Михаил Саакашвили көп ұзамай ауруханаға жатқызылуы мүмкін, деп мәлімдеме жасады «Слуги народа» партиясының өкілі Елизавета Ясько Украина 24 арнасына берген сұхбатында.

Жақын күндері оны ауруханаға жатқызуы керек. Өйткені ол қазір қатты әлсіреп қалды. Михаилге енді тек медицина ғана көмектесе алады деп есептеймін,

— деді Елизавета Ясько.

Яськоның айтуынша, Саакашвилидің Украинаға оралуы және Грузияға баруы демократиялық қоғам үшін аса маңызды қадам болған.

Грузияға бармас бұрын Саакашвили өзінің Facebook-тегі парақшасында Ясько екеуі бір-бірін сүйетіндіктерін мәлімдеп бейнежазба жариялаған болатын.

Еске сала кетсек, Саакашвилиді 1-қазан күні Грузияда қамауға алынып, қазір Рустави қаласындағы тұрмеде отыр. Оның жақтастары мыңдаған адам қатысқан митингілер ұйымдастыруда.

Рубрика: