АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Жұлынға зақым келген»: Терезе жуамын деп төртінші қабаттан құлаған спортшы көптің көмегіне мұқтаж [:]

[:kz]

Қостанайда үйдің терезесін жуамын деп, төртінші қабаттан құлап түскен 24 жастағы спортшы Сартай Жиенбаевқа шұғыл көмек керек. Отадан кейінгі оңалту шараларына көмек сұрап отырған ол, ендігі арманым өз аяғымен жүру дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қостанайлық Сартай Жиенбаев құрылыс колледжін тәмамдаған. 24 жастағы спортшы оқуын аяқтаған соң, жергілікті құрылыс компанияларының біріне тас қалаушы болып жұмысқа тұрған.

Былтыр наурыз айында, үйдің терезесін жуып жатып, байқаусызда төртінші қабаттан құлап кеткен. «Оқыс оқиға былтырғы жылдың наурыз айында болды. Үй терезесін жуып жатып, абайсызда төртінші қабаттан құлап кеттім. Оқиға болған соң, маған ота жасалып, дәрігерлер 5-6 омыртқаның сынуы мен жұлынның зақымдануы деген диагноз қойды. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МЕЧТАЮ ВСТАТЬ НА НОГИ… (@help_sartay)

Қазір өздігімнен жүріп-тұра алмаймын, төсек тартып қалдым. Анам үй шаруасындағы әйел, үйде тек әкем ғана жұмыс істейді. Сол себепті отадан кейінгі оңалту шараларының өзіне алты миллион теңгедей қаражат керек болып тұр. Сол сияқты күнделікті істелетін ЛФК массажға да күн сайын 4500 теңге жұмсап отырмыз», — дейді жас жігіт. Сартай оқыс оқиғаға дейін бокспен шұғылданған екен. «Бұған дейін әскери қоян-қолтық бокспен шұғылдандым. Бірнеше мәрте қалалық чемпионаттардың жеңімпазы атандым. Қазіргі бар арманым мен мақсатым — өз аяғыммен жүру. Сол себепті барлық жомарт жандардан маған көмек беруін сұраймын. Осы күнге дейін мені қолдап, көмек көрсеткен барлық жандарға алғысым шексіз, Алладан қайтсын»,-дейді Сартай. Сартай Жиенбаевқа көмек қолын созам деген жандар үшін оның реквизиті:

 

KASPI GOLD-қа тіркелген телефон нөмір: 8707 635 17 42 (Ағасы — Болат Жиенбаев) KASPI GOLD карта нөмірі : 4400 4301 2973 6648 (Болат Жиенбаев)

Автор: Әсел Найман қызы

 

kaz.nur.kz

 

[:]