АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Жиын-той мен асты қоя тұру керек шығар, ағайын[:]

[:kz]

 

Өткен жылы мына індеттен қаншама адам қайтыс болды. Биыл сол марқұмдарға жаппай ас беріліп жатыр. Былтырғы қиын жағдайда жерлеуін дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан, марқұмдардың туыстары асын дұрыстап беру үшін, алыс-жақындағыларды жинап жатқанын түсінуге болады.

Бірақ, атың өшкір індет тағы да өршіп тұр. Coronavirus.2020.kz деген сайтқа кірсеңіз бір тәулікте 5 мыңнан астам адам ауырған. Соның ішінде астанада тіптен көп — 1547. Бір тәулікте ғана осынша адам ауырса, әрине ауруханаларда орын болмайды. Жиын-той мен асты қоя тұру керек шығар, ағайын. Алдымен аман қалуды ойлайық!

Қазақстанда өткен тәулікте 5658 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 1547, Алматы қаласы — 891, Шымкент қаласы — 368, Ақмола облысы — 180, Ақтөбе облысы — 205, Алматы облысы — 178, Атырау облысы — 342, Шығыс Қазақстан облысы — 82, Жамбыл облысы — 81, Батыс Қазақстан облысы — 289, Қарағанды облысы — 704, Қостанай облысы — 123, Қызылорда облысы — 112, Маңғыстау облысы — 180, Павлодар облысы — 185, Солтүстік Қазақстан облысы — 98, Түркістан облысы — 93. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 483412.

[:]