АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс көлігімен басшыларына жиһаз тасып жүр[:]

[:kz]

 

Видеоға қатысты тексеріс жүргізуге жолдың ұзақтығы кедергі деген жауаптылар запастағы машиналар кейде түрлі шараға пайдаланылатынын жасырмайды.

Қызылорда облысында жедел жәрдем көліктері науқастарды емес, басшыларына жиһаз тасып жүр. Жұртқа шұғыл медициналық көмек көрсетуі тиіс қызметкерлердің бұл әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бұл видео әлеуметтік желіге таралып, кейін неге екені белгісіз, өшіріліп тасталған. Кадрден медицина қызметкерлері жедел жәрдем көлігінен қорап-қорап зат түсіріп жатқанын анық байқауға болады. Оның арасында есік пен жұмсақ жиһазға ұқсас заттар да бар.

Видео авторының сөзінше, арнайы формамен жүрген қызметкерлер Қазалы ауданы жедел жәрдем бөлімі басшысының үйіне жиһаз кіргізіп жатыр. Ал облыстық жедел жәрдем қызметіндегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды. Видеоға қатысты тексеріс жүргізуге жолдың ұзақтығы кедергі деген жауаптылар запастағы машиналар кейде түрлі шараға пайдаланылатынын жасырмайды.

«Бізде шаруашылыққа арнайы көлік бөлінбеген. Тек 24 сағат шақыртуға барып қоймай, ол мекеменің түрлі шарасы бар, сондай шараға стенд жасаған ғой. Бұл – мекеменің ішіндегі оқу құралдары. Бұл шақыртуда жүрген емес, бұзылып қалған жағдайда запаста тұратын көлікті пайдаланған. Қазалы мен Қызылорданың арасы барып тексеретіндей он минуттық жер емес», — дейді Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Закира Абдуллақызы.

paryz.kz

[:]