АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Жаңа шұлық сатып алғансың ба»: Әскери әкесімен қауышқан балалардың видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті [:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде үйінде 20 күн бойы болмаған әскери қызметкер мен ұлдарының қауышқан сәтінен видео тарап жатыр. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары алған әсерімен бөлісіп, отбасыға жылы лебіздерін білдіруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен видео Instagram желісіндегі nurtas.sma парақшасында жарияланды.

Кадрдан әскери форма киген ер адамның үйіне кірген мезетте, алдынан екі баласының жүгіріп шығып, қуаныштарын жасыра алмағанын байқауға болады.

Тіпті, ұлдарының бірі әкесінің жаңа шұлық киіп алғанын байқаса керек, оған «Әке жаңа носки алдың ба деп» сұрайды. Бұл сәт көпшіліктің езуіне еріксіз күлкі ұялатқан. «Біздің әкеміз үйде 20 күн болмады. Кеше оны бір түнге үйге жібеді. Балалар қатты сағынды, қалай қуанғанын көрдіңіздер ғой, секіріп, мәз болуда. Олар шұлық туралы өте маңызды сұрақ қойып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нуртас Ерболулы (@nurtas.sma)

Кеш бойы әкелерінен ажырамады. Бүгін әкеміз тағы да жұмысқа кетті. Біз бәрі қалпына келіп, әкеміз бұрынғыдай үйге күн сайын келеді деп үміттенеміз», — делінген видео сипаттамасында. Айта кетейік, отбасының кенже баласы үш жасар Нұртасқа жұлын-бұлшықет атрофиясының 2 типі (СМА) диагнозы қойылған.

Нұртастың жазылуы үшін бағасы 2,3 млн доллар, яғни 1 млрд теңге тұратын Zolgensma препараты қажет. Бүгінде қажетті соманың 173 866 343 теңгесі жиналған. Осы ретте, Нұртастың анасы Гаухар көмек қолын созып, сенім артқандардың бәріне алғыс айтты. Нұртас Ерболұлына көмектесу үшін оның Instagram парақшасына өтуге болады.

kaz.nur.kz

 

[:]