АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Жамбылда хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстарына министрлер мен Сапарбаев қатысты (фото) [:]

[:kz]

Жамбыл облысында болған жойқын жарылыстан кейін хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрі, Қорғаныс министрі және Бердібек Сапарбаев қатысқаны белгілі болып отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің ресми сайтында хабарланды. «30 тамыз күні Тараз гарнизонына сапар барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге хабарсыз-ошарсыз кеткен әскери қызметшілер мен ТЖД өрт сөндірушілерін іздеу жұмыстарына қатысты», — делінген министрлік хабарламасында. 

Министрлік ақпаратына сәйкес, олар техникалық аумаққа барып, оқиға орнын қарап, сондай-ақ оқ-дәрілердің қалдықтарын залалсыздандыру және іздестіру бойынша іздеу жұмыстарының барысымен танысқан. 

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттау туралы қаулыға қол қойды.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Сол арада Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысындағы оқиға эпицентрінде қайта жарылыс болуы мүмкін екенін ескертті.

kaz.nur.kz

 

[:]