АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жамбыл облысында бұзақы мен туыстары полицейлердің көлігін таспен атқылады[:]

[:kz]

Жамбыл облысында тәртіп сақшылары күдікті көлікті тоқтатамыз деп оқыс оқиғаға тап болды. Бұзақы мен туыстары полицейлердің көлігін таспен атқылаған. Құқық қорғау қызметкерлері жарақат алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оқиға жайында бүгін, жетінші ақпан күні өңірлік полицияның баспасөз қызметінде хабарланды.

Анықталғандай, тәртіп сақшылары Сортөбе ауылында көшелерді тексеріп жүріп, стандартқа сай емес нөмірі бар көлікті байқап қалған. Жүргізушінің куәлігін тексермек болған полицейлер күдікті автоны тоқтатқан.

Тексеріс барысында өзге әкімшілік заңбұзушылықтар анықталғанымен, жүргізуші тәртіп сақшылармен бөлімшеге барудан бас тартты. Ол көлікке отырып, қашып кетуге тырысқан.

Бұл әрекет күдік тудырғандықтан полиция қызметкерлері оның артынан қуған. Нәтижесінде жүргізуші өз үйінің қасында тоқтады.

Тәртіп сақшылары оны ұстамақ болған кезде оларға оның туыстары кедергі келтірген. Олар полицейлердің қызметтік көлігін таспен атқылап, құқыққорғау қызметкерлері жарақат алды.

Енді олардың барлығы өз істеріне жауап беретін болады.

Заң өкілдеріне қарсылық көрсетіп, олардың денсаулығына зақым келтіргені үшін уақытша тергеу изоляторына екі адам тоғытылды.

[:]