АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Валя әжей қазақтардың тойынан ренжіп қайтқанын айтты (видео)[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде Валя есімді әжейдің әңгімесі жұртты таң қалдырды. 37 жыл мектепте қазақ тілінен сабақ берген кейуана қазақтың дәстүрін де жақсы біледі екен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Facebook желісінде пайда болған бейнежазбада ұлты неміс әжей қазақтың мақал-мәтелі мен дәстүріне қатысты ой-пікірін айтып отыр. Ол қазақтардың бесікке салу тойына барып қынжылып қайтқанын жасырмайды. Оның айтуынша, қазақтар баланы бесікке дұрыс бөлей алмаған, ал қуанышқа Валя әжей бесікті өзі апарыпты.

Кеше қазақтардың бесікке салғанын көріп, қарным ашыды. Бесікті өзім апарып отырған соң, оларға қалай өзім көрсетемін — деп айтамын. Ішім ашып қайттым,

—дейді Валя әжей.

Ұзақ жыл ұстаздық еткен Валя әжейдің немере келіні де өзі секілді қазақ тілінен сабақ береді екен. Бейнежазба еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

[:]