АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] «Үкілі бала» Ерболсын: Мені көріпкел, бақсы деп шатастырмаңыздар[:]

[:kz]

«Үкілі бала» атымен ел арасында танылған Ерболсын Серікбаев қайда жүр? Балалықтан өсіп, бозбалалық шаққа өткен жас емшінің қазір немен айналысып жүргенін KAZ.NUR.KZ тілшісі біліп қайтты.

Ерболсын Серікбаев алты жылдан бері Ақтөбе қаласында тұрады. Қызылорда облысының Аралқұм жерінен шыққан «үкілі бала» батысқа білім іздеп барған.

Ол қаладағы арнайы білім беретін оқу орындарының бірінде медицина саласы бойынша білім алуда. Болашақ дәрігер бүгінде 2 курс студенті. Сонымен қатар емін де қатар жүргізіп жүр. Түске дейін сабағына барса, түстен кейін емделушілерді қабылдайды.

«9 жастан бастап адам емдегенімді ел біледі. Бойымдағы осы ерекшелік біліне бастаған кезде эпилепсиямен қатты ауырдым. Аяқ-қолым тартылып ауырғанда дәрігерлер көмектесе алмады. Сол кезде мен Алланың құдіретімен аман қалдым. Түркістан облысына Қожа Ахмет Ясауидің басына түнеп, тілек тіледім. Арыстан бапқа бардым.

Құран кітапта көріпкелдерге, бақсыларға баруға болмайтыны жазылған, оны — Аллаға серік қосу деп атайды. Әр адамның бойында өз таланты болады. Маған кезінде молда кісі «Сенің бойыңда адамдарға көмектесе алатын қасиет бар. Соны жасап көрші» деп айтқан. Мен емшімін, қолымнан келгенінше халыққа көмектесіп жүрмін», — дейді ол.

Әңгімелесу барысында Алланың есімін аузына жиі алған Ерболсын өзін көріпкелдермен шатастырмауды сұрады.

«Кезінде медицина болмаған кезде науқастарды халық емшілері қабылдаған. Олар шөптермен ем жүргізіп, әйелдерді босандырды. Қазір көпшілігі осының бәрін ұмытып кетті. Кейде аспаннан салбырап түскендей сөйлейтіндер бар. Өзім біреудің атынан сөз сөйлеуге қорқамын. Мен адамдар ажырата алмайтын екі нәрсені ажырата аламын. Ол: Өтірік пен шындық. Өтірік-құлақ, шындық-көз. Көзіммен көргенім ғана шындық. Біреудің сыртынан асылық айтқанды ұнатпаймын.

Маған халыққа ем жүргізетін қасиет қонды. Көбісі мені көріпкел, бақсы деп шатастырады. Мен ондай емеспін. Тағы қайталап айтамын, мен емшімін. Адамдар көмек сұрап келгенде маған сыйыныңдар, болмаса ақша қойыңдар, содан кейін келесіңдер демеймін. Келгендерге бірінші Алладан сұраңдар, Аллаға сыйыныңдар, мен қолымнан келгенді жасаймын деймін», — дейді Ерболсын.

Фото: Ерболсын Серікбаевтың жеке мұрағатынан

Фото: Ерболсын Серікбаевтың жеке мұрағатынан

 

Сондай-ақ, қазір үкісін шешкен жас емші қолынан қамшысын не үшін тастамайтынын айтып, ем жүргізу тәртібін түсіндірді.

«Көп адам қамшымды әртүрлі қылып айтады. Бұл қамшымен ем жүргізу бұрынғы дала медицинасынан бар. Кезінде аталарымыз қамшымен әйелін жөнге салып, шайтандарын қуған. Адамға дұғамен дем салып, қамшымен ұрғанда бойындағы аурулары қашады.

Қазір қолыма ұстап жүрген қамшы атамнан қалған. Кезінде ол кісі зікірші, емші болған адам. Адамдарға ем жүргізгеннен бастап, сол кісінің қамшысы менің қолымда. Аллаға шүкір, талай адам аяғынан тұрып кетті. Оның бәріне дәлел бар.

Интернетке барлығы жүктелген. Арбаларынан тұрғандар мен көздері көріп алғыс айтқандар тілектерін жаудыруда. Мен қолыма қамшыны алғанда емнің барлығы соған байланысты екенін сездім. Халық емшісімін. Мен сынықтың кез келген түрін саламын. Омыртқаны салып, орнына түспеген сүйектерді қараймын. Сал ауруларды емдеймін, алтын ине саламын. Ясин, Бақара сүрелерімен дем саламын«, — дейді ол.

Емші өзін шетелден іздеп келушілердің көп екенін де айтты.

Сондай-ақ, есейген Ерболсын жеке өміріндегі жаңалықтармен де бөлісті.

«Қазір жаңалық көп. Ең бірінші, әке-шешемді Аралқұмнан Ақтөбеге көшіріп алдым. Үй салдым. Осының бәріне Аллаға шүкіршілік етемін. Неше жылғы еңбегімнің жемісі. Адам қарайтын орын, баспана тұрғыздым. Қазір өзім армандаған оқуға түстім. Емдеу ісі бойынша екінші курс студентімін.

Сонымен қатар, вокал, би, сыбызғы сабақтарына қатысамын. Әр уақытым шектеулі. Менің біреуді сыртынан ғайбаттап, талқыға салатындай уақытым жоқ. Оқуым қызықты. Сабақтан кейін жиналған адамды қараймын. Маған адам бұрыннан көп келеді. Жақсы адамды аз адам іздемейді», — дейді емші бала.

 
  

[:]