АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Үйде жалғыз болған»: Ақтөбеде сегіз жасар қыз зорланды[:]

[:kz]

Ақтөбеде педофил сегіз жасар қызды зорлады. Адам шошырлық оқиға бүгін түске қарай болған. Күдікті бірнеше сағаттан кейін ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Полицейлердің айтуынша, күдікті қамауға алынып, тергелуде. 

Қала орталығындағы пәтерде қаршадай ғана қыз жалғыз болған. Белгісіз адам есікті қаққанда, сұрақ қоймастан аша салған. Бүлдіршіннің жалғыз қалғанын көрген педофил оған күш көрсетіп, зорлаған. Артынша қашып кеткен. 

Бірнеше сағаттан кейін полицейлер қылмыскерді қолға түсірді. 

«Пәтерге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, кәмілетке толмаған қыздың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасап қашып кеткен. Полиция қызметкерлері барлық полиция қызметтерінің қажырлы және үйлесімді жұмысының нәтижесінде жедел шаралар кешенін өткізіп, күдіктіні анықтап, ізін суытпай ұстады», — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
 

[:]