АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды[:]

[:kz]

Танымал қазақ әзілкеші Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды. Әзілкеш телеарнада жаңа қызмет атқаратынын жариялады.

Ол теледидардағы ойын-сауық бағдарламаларының продюсері болды. Бұл туралы шоумен Instagram парақшасында хабарлады.

 

«Құрметті достар, сіздермен жақсы жаңалықпен бөлісуге рұқсат етіңіздер! 1 қарашадан бастап мен 31 арнада ойын-сауық бағдарламаларының продюсері ретінде қызметімді бастаймын. Бұл мен үшін өмірімдегі жаңа кезең. Патша көңілді көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Ендеше, 31 арна назарда болсын!», — деп жазды Қабатов.

Әзілкеш телеарна басшылығының алға қойған ауқымды жоспарлары ұнағандықтан, ұсыныс түскен кезде ойланбастан келіскенін айта кетті.

Еске салайық, Тұрсынбек Қабатовтың есімі соңғы кездері түрлі келеңсіздіктермен байланысты көп айтылды. Алдымен оның көлігінің қатысымен болған адам өлімі. Қабатовтың жесір әйелге ақша төлеуден бас тартқаны. Ал осы жылдың жазында оның қызына қатысты жанжал шықты – мектеп оқушысының орнына емтихан тапсыруға екінші курс студенті кіргені анықталды. 

Қабатовтың айтуынша, бұл ҰБТ-дағы оқиға қызының оқытушысының  жоспарымен болған жағдай.

Тұрсынбек Қабатов КВН арқылы танымал болды. Ол Жоғары лиганың » «Астана.kz» және «КаZахи» командаларында ойнады. 2011 жылы «Базар жоқ» және «Әзіл әлемі» театрларының негізін қалады. 2018 жылы ол Қазақстанның астанасында тұңғыш комедия және сатира театрын ашты.

[:]