АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тұрмыс құрғанына 2 жылдан асты». Тамара Асардың продюсері мәлімдеме жасады[:]

[:kz]

 

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар тұрмысқа шықты. Бұл туралы әншінің продюсері және импресарио Жан Мұқанов ресми түрде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жан Мұқановтың айтуынша, Тамара Асардың отау құрғанына 2 жылдан асқан. Ал жұбайымен бұрыннан таныс екен. Алайда продюсер әншінің күйеуі кім екенін айтпады.

«5-6 жылдай кездесті. Тұрмысқа шығуға ұзақ келіспей жүрді», — деп күледі Жан Мұқанов.

 

Ал тойы жақын адамдарының арасында ғана өткен. Продюсердің айтуынша, бұл жаңалықты Тамара Асардың жақындары бұрыннан біледі, алайда халыққа ресми түрде енді жариялап отыр. Тамара Асар жеке өмірі туралы жария ете бермейтіндердің қатарынан екенін айта кеткен жөн. 

Кеше дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram-дағы парақшасында Тамара Асардың үйіне қонаққа барып, «Ақ Тамара Құдай қосқан жездеммен қоса ағар» деп тілегін айтып, жұптың суретін жариялаған еді.

«Ақ Томидың маған ақ ниетпен жайған дастарханында. Ақ Тамара Құдай қосқан жездеммен қоса ағарып, Ақ Қамбардың артынан көп Қамбарлар ере берсін! 

Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар! Ешқашанда байлығын керсетiп мақтанбайтын, жеке өмiрiн көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде тегетін, Құдай көтере білгенге бередi, деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесiн!», — деп жазған әнші парақшасында. 

Тамара Асар — өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты әншілердің бірі. Оның «Әриайдай», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жаным неге», «Жалғыз досым», «Ренжімеші», «Сол бір қыз» сияқты әндері халық арасында танымал. Соның ішінде «Жаным неге» әніне түсірілген бейнебаян Қазақстан тарихындағы алғашқы анимациалық 3D форматында жазылған.

Тамара Асар небәрі 20 жасында ірі жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылғаны да көпке белгілі. Әнші бұл күні туған ағасының үйлену тойына жол тартқан. Ол сұхбаттарында бұл өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты екенін айтады.

 

 

 

[:]