АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Тросс байланбаған: Биіктіктен секіріп қаза тапқан қарағандылық әйелдің өлімі жайлы куәгерлер айтып берді[:]

[:kz]

Қарағандыда биіктіктен секірем деп қаза тапқан әйелдің өлімі жайлы сұмдық деректер пайда болды. Қыз экстремалды трюкті орындау кезінде қайтыс болған еді. Алайда тросс байланбаған болып шықты. Бұл туралы куәгерлер айтты. Евгенияның туыстары оның мұндай қауіпті ойындарға алғаш рет қатысып тұрмағанын алға тартады. Ал бұл жолғы секіру әйелдің 33 жасқа толуына арналған сыйлық болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Аstana tv» арнасына сілтеме жасап.

Қарағандыда арқанмен секіру экстремалды ойыны «Созвездие» деп аталатын бұрынғы қонақ үйде ұйымдастырылған. Сегіз қабатты ғимарат бір кездері «Валют-Транзит банкіне» тиесілі болған. Қазір керексіз әрі қаңырап тұрған орынды роупджамперлер иеленген. 33 жастағы Евгения үшін экстремалды аттракцион туған күніне арнайы жасалған сыйлық еді.

 

Биіктіктен арқанмен секіру альпинистердің күрделі амортизациялық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асады. Ғимараттың үстінде және жерде экстремалды спортшыларды арнайы нұсқаушылар сақтандырады. Қайғылы оқиға орын алатын күні де солай болған. Марқұмның жақын досы Светлана Морозованың айтуынша, ешқандай қатер туындамаған. Ұйымдастырушылар қыздардан психикалық және физикалық денсаулығы туралы арнайы қағаз алған. Төменде Евгенияны күйеуі күтіп тұрған. Секірер алдында әйел оған жақсы көретіні жайлы айтып үлгереді.

«Жәй ғана тросс тартылған жоқ. Мұны бейнежазбадан да көруге болады. Және мен ол секірген кезде тросстың тартылғанын көрдім. Ол соңынан барып іске қосылды. Сақтандырғыш арқан бекітілмеген, байланбаған тіпті тартылмаған», — дейді қайтыс болған әйелдің құрбысы Светлана Морозова.

Экстремалды аттракционды ұйымдастырушылар оқиға бойынша түсініктеме беруден бас тартқан. Инстаграмдағы парақшасында компания толық қауіпсіздікке кепілдік беретінін айтты. Желідегі профильге қарағанда жігіттер 12 жыл бойы осы іспен айналысқанын, 245 метрлік биіктіктен секіруді ді сәтті ұйымдастырып келгенін байқауға болады. Ал бұл жолы «Созвездие» қонақ үйінде не болғаны жөнінде ұйымдастырушылар полицияға жария етпеу туралы келісім бергендеріне сүйеніп, тіс жармады. Белгілісі экстремалды бизнестің негізін қалаушы Ресей азаматы және ол қазір шетелде екені.

«Бұл факті бойынша ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық іс аясында полиция аттракционды ұйымдастырушының лицензиясы бар-жоғын анықтайтын болады. Қауіпсіздік талаптары дұрыс сақталды ма, ол бойынша қазір тергеу жүріп жатыр», — деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Евгенияның туыстары мен достары қазір әйелді жерлеуге дайындалуда. Артында үш баласы анасыз қалды. Осы орайда қауіпті ойын-сауықты ұйымдастырушыларға көптеген сұрақтар жиналып қалды: соның бірі неге әйелдің басында қорғау шлемі болмаған? Себебі оның басымен бетон құрылымына соғылуы өлімге алып келген болатын. Ол көп қан жоғалтқан.

Қарағанды билігі биіктіктен секіруге рұқсат бермегенін мәлімдеді.

«Қарағанды қаласының әкімдігі секіруге рұқсат бермеген. Біз көп қабатты үйлердің иелерімен, өзін-өзі басқару органдарымен шатырларға қауіпті құрылымдар мен аттракциондарды орнатудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз», — деп түсіндірді Қарағанды қаласының әкімдігі.

Мұнымен қатар әкімдік ойын-сауықтың бұл түрін қай мемлекеттік орган бақылайтынын түсіндіре алмады. Қазір департаменттің заңгерлері бұл мәселемен айналысуда. Егер секіруді ұйымдастырушылардың кінәсі дәлелденсе, онда олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Еске сала кетсек, қарағандылық әйел биіктіктен роупджампингпен (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) секіремін деп мерт болған болатын. 25 метр биіктіктен  секірген 33 жастағы әйел жерге құлап, ауыр жарақат алған. Жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмған.

[:]