АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]«Тілімнен де, түрімнен де күйік іздегендер бар» : Әбдіжаппар Әлқожа сыртынан бықсытатындарға үн қатты .[:]

[:kz]

«Мен өз тыңдармандарымды ішкі дертімді айтып, қиыншылығымды көрсетіп, жанашырлықпен қаратқым келмейді».

Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа жаңа 2022 жылдағы алғашқы жазбасын жариялап, елді елеңдетіп қойды деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы 

Ол өткен жылы екі қолы мен екі аяғын отқа күйдіріп алғанын, Сиыр жылы оңайға соқпағанын айтты. — 2021-жылдың көктемінде екі қолымды отқа күйдіріп алдым.

Күзінде аяғымды тізеден төмен күйдіріп алдым. Желтоқсанында аварияға түстім. Беттен соққы алып! Очки тақтық, тональный жақтық. Жарасын жалап жазған қасқыр болып келеміз әйтеуір. Басымыз аман қалғанына қуанып жүрміз. Мен өз тыңдармандарымды ішкі дертімді айтып, қиыншылығымды көрсетіп! Жанашырлықпен қаратқым келмейді. Керісінше қандай жағдай болмасын жағымды жаңалық жасап, жақсылықтың ортасында жүрсем деймін.

Не көрсе, білсе соның бәрін жазатын блогерлер секілді боламын десем! Охват, статистика үшін жұмыс жасасам, материал жетеді. Менімен жақын араласпай сыртымнан сөзбен сасып жүргендерді де көріп жүрмін. Сасый берсін. Бықсып бітіп қояр өздері. Мына суреттегідей оттан қалай қолымды алшақ ұстасам, олардан да солай алшақ, сақ ұстауды үйрендім.

Айттым ғой, өйткені қаншама күйдім деп. Тілімнен де, түрімнен де күйік іздегендер бар. Қолым да аяғым да күйген. …Алла ұлық!!! Ақтың отын арам өшірмейді! “Анамның сөзі” Жылдың бірінші күніндегі ойым. 01.01.2022, — деп жазды ол.

Ал әншінің оқырмандары оның амандығын тілеуде. «Қайда жүрсең де аман жүрші тек!», «Жаным ағам! Аман болыңызшыы!», «Ер азаматтың басына нелер келіп кетпейді. Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде деген. Оны неге желіге салып, желдей есітесің? Өзіңе мықты бол! Жан жағыңды ұры тұтпа деген қазақ», «Алла қолдасын сізді, аман жүріңіз, ең сүйікті әншім!» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.

[:]