АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тікелей эфир кезінде шаш жұлысқан қазақ қыздары жаға ұстатты (видео)[:]

[:kz]

Отандық телеарналардың бірінде тікелей эфир барысында екі бойжеткен сөзге келіп қалып, көпшілік алдында шаш жұлысты. Төбелесіп қалған аруларды тіпті студиядағы ер азаматтар әрең ажыратып алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Екі қазақ қызының бір-бірінің жаға ұстасқан сәті Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан сылқымдардың өзара түсініспеушілігі төбелеске жалғасқанын көруге болады.

Істі сөзбен емес, іспен шешіп көрмек болған арулар желіде ұятқа қалды. Көпшілік олардың тікелей эфир кезіндегі әрекеттерін аса ерсі санап, оларды сөгіп тастады.

«Масқара, ұят емес пе?» , «Қазақ қыздары десең, өзіңе тиеді» ,»Жігіт үшін таласып жатыр ма? Нені бөлісе алмады?» , «Қазақ қыздарын ұятқа қалдырдыңдар» , «Қыз атаулысын мазақ еттіңдер» , «Бұл эвирді ата-аналарың қарап отыр ғой» , «Ауылда ағаларымның қораз төбелестірген кезі есіме түсіп кетті» , «Қазақ қыздары деуге де аузым бармайды» , — деп жазуда желідегілер.

 
 
 

[:]